Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жалпы білім беретін мектептердің 8 - 11 сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтарын насихаттау және кәсіптік бағдар беру мақсатында білім басқармасының ұйымдастыруымен «СтартПрофи – Shygys» стенд - мобы 5 бағыт бойынша өз жұмысын аяқтады. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аудандық, қалалық білім бөлімдерімен бірлесе отырып, 29 колледж, 2 жоғары оқу орны өкілдерінің қатысуымен жылжымалы көрме және диалог форматында жүргілізіп, жастарға сұранысқа ие мамандықтар мен болашақ мамандықтарды дұрыс таңдауда толық ақпарат берілді. Аталған іс – шарамен  188 мектептен 6000-нан аса оқушы қамтылды.