Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биылғы жылы WorldSkills Kazakhstan 2021» - VІ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты 1 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Қостанай, Көкшетау, Өскемен және Семей қалаларында 71 құзыреттілік бойынша еліміздің 17 өңірінен 450-ден астам жас маманның қатысуымен өткізілуде. Байқауға қатысушыларды Қазақстанның барлық өңірінен 500-ге жуық сарапшы бағалайтын болады. Соның ішінде 6 құзыреттілік бойынша біздің облысымыздың Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждер базасында: Семей қ. Құрылыс колледжінің Құзыреттілік орталығында «Кірпішпен қалау»,  Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі базасында «Графикалық дизайн (Абилимпикс)», Семей қ. Электротехникалық колледжінің Құзыреттілік орталығында «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару», Семей қ. Көлік колледжінің Құзыреттілік орталығында «Жүктерді жөнелту», Өскемен жоғары политехникалық колледжінің Құзыреттілік орталығында «Мобильді қосымшалар әзірлеу», Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінде «Шаштараз өнері (Абилимпикс)» құзыреттіліктері бойынша өтуде. Бүгін Семей қаласы Құрылыс колледжінің Құзыреттілік орталығында «Кірпішпен қалау»  және  Шығыс Қазақстан технология колледжінің базасында «Графикалық дизайн (Абилимпикс)» құзыреттіліктері бойынша  Республикалық чемпионат өз мәресіне жетті. Жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында Чемпионатқа мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, еліміздің барлық аймақтарының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ, басқа да мүдделі тараптар қатысты.