Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

“Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” 

Н.Ә. Назарбаев

 

ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындарында көптілділікті дамытудың кешенді жоспарын іске асыру аясында, тіл пәндері облыстық әдістемелік бірлестіктің 2016-2017 оқу жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес,  2016 жылдың 18 қарашасында Семей қаласы «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК базасында «Жаңа білім беру үрдісінде колледждің  көптілділікті іске асыру тәжірибесінен» атты облыстық тәжірибелік семинар өткізіледі.

Аталған семинарға ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындарының тіл пәндері оқытушыларын қатысуға шақырамыз.

Семинардың өткізілетін орны: Семей қаласы Карменова көшесі 18 В

Байланыс телефондары: 8(7232) 353-688  ұялы тел: 8778 919 50 53