Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылғы 22 желтоқсанда ауыл шаруашылығы бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің базасында ШҚО ТжКБ жүйесі ауылшаруашылық бағытындағы оқу орындарының оқытушылары арасында «Заман талабына сай ауылшаруашылық мамандарын дайындауда білім беру бағдарламаларының маңызы» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Мақсаты - жаңартылған білім беру бағдарламасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне енгізілуін талқылау, жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, білім сапасын арттыру негізінде өзара тәжірибе алмасу.Конференцияға барлығы 11 жұмыс ұсынылды. Конференция жұмысы «WorldSkills стандарттарына сай білім беру», «ХХІ ғасырдағы ветеринарлық: инновациялар, тәжірибе, мәселелер және
оларды шешу жолдары», «Агрономия, Ауылшаруашылық механикаландыру, Фермерлік шаруашылық» мамандықтарының  өзекті мәселелері», «Кадрлар даярлауда заманауи білім беру технологияларының тиімділігі» секциялары бойынша жүргізілді. Конференция нәтижесінде секциялар бойынша үздік жұмыстар анықталды.