Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Инклюзивті білім беру

 

2019-2020 оқу жылына ШҚО ТжКБ жүйесінің оқу орындарында денсаулығы бойынша мүмкіндіктері шектеулі студенттердің жалпы саны 381 адамды құрады, оның ішінде инклюзивті оқыту бойынша 218 студент.

 

«Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі» КМҚК (5 БЦП, 35 есту қабілеті нашар мүгедектер, 5 көру қабілеті нашар мүгедектер, 7 тірек-қимыл аппараты және басқа аурулар-10) мамандықтар бойынша:

- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (электрондық есептеу машиналарының операторы) ;

- «Тамақтандыруды ұйымдастыру» (аспаз);

- «Туризм»;

- «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» (модельер-пішуші).

Инклюзив бойынша студенттердің жалпы саны 71 адамды құрайды.

 

«Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ (28 нашар еститін, 4 БЦП, 7 басқа аурулар) мамандықтар бойынша:

- «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» (модельер-пішуші);

- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (электрондық есептеу машиналарының операторы);

- «Шаштараз өнері және сәндік косметика» (Шаштараз-модельер);

- «Жиһаз өндірісі» (Ағаш және жиһаз өндірісінің шебері)

- «Туризм»

Инклюзив бойынша студенттердің жалпы саны 39 адамды құрайды.

 

«Өскемен көпсалалы колледжі» СБ (ақыл-ой кемістігі – 46, ПДТ - 10 және басқа аурулар - 13) мамандықтар бойынша:

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» (тігінші);

- «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» (сылақшы).

Инклюзив бойынша студенттердің жалпы саны 69 адамды құрайды.

 

«Глубокое технологиялық колледжі» КММ (1 БЦП, 22 ақыл-ой кемістігі, сөйлеу жылдамдығының бұзылуы 1 және басқа аурулар 12) мамандықтар бойынша:

- «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» (сылақшы) (тас қалаушы).

Инклюзив бойынша студенттердің жалпы саны 39 адамды құрайды.