Ауылшаруашылық бағытындағы оқытушылардың ОӘБ
Төрайым: Кусаинова Гульжанат Мендыбаевна,
«Шығыс Қазақстан көпсалалаы колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы
Білімі: 1992-1998 жж., «Семей» университеті, «Ветеринария» мамандығы,
«Ветеринариялық дәрігер-зооинженер» біліктілігі
2001-2004 жж., Шәкәрім атындағы Университет, «Психология»
мамандығы, «Психолог, психология оқытушысы» біліктілігі
2001-2004 жж., Шәкәрім атындағы Университет, «Ветеринария» мамандығы бойынша аспирантура
Жалпы жұмыс өтілі: 25 жыл
Педагогикалық өтілі: 14 жыл
Санаты: бірінші
Кәсіби сенім: «Өнер және адамгершілік, еңбек және білім!»
Мақсаты-инновациялық экономикада табысты бейімделуді қамтамасыз ететін біліктілікті арттырудың, кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың икемді, ғылыми және іс жүзінде бағдарланған жүйесін дамыту, ТжКБ жүйесінің кадрларын оқыту үшін кешенді ғылыми-практикалық және әдістемелік база құру.
Міндеттері:
- оқу процесіне тиімді инновациялық педагогикалық және технологиялық жетістіктерді әзірлеу және енгізу;
- кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларына ақпаратты кейіннен енгізе отырып, тиісті саланың жаңа өндірістік технологиялары туралы деректер банкін қалыптастыру;
- кәсіби конкурстар, шеберлік сыныптар, олимпиадалар, конференциялар вебинарлар өткізу;
- жұмысшы біліктілігінің беделін арттыру.