Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерінің ОӘБ
Төраға: Компаев Ерлан Токтаргалиевич,
«Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ
БӘжТД оқытушысы
Мақсаты - БӘжТД оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға және олардың негізінде кәсіби әлеуетін жетілдіруге жәрдемдесу.
Міндеттері:
- қашықтықтан өзара іс-қимылды ұйымдастыру және дамыту;
- студенттер мен педагогтердің кәсіби қызметін бағалау кезінде олардың нәтижелерін пайдалана отырып, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарға педагогтар мен студенттердің қатысуын жандандыру;
- студенттерді оқытуға, әскери-патриоттық тәрбиелеуге және дамытуға қойылатын талаптардың жаңа буын стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін өзара көмекті ұйымдастыру;
- студенттермен қашықтықтан жұмысты ұйымдастыру, «Жас сарбаз» қозғалысында әскери-патриоттық спорт клубтарын құру бойынша нысандар мен әдістерді жетілдіру;
- «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында облыстық слеті ұйымдары бойынша сессия ұйымдастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- БӘжТД оқытушы-ұйымдастырушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру;
- бірыңғай ақпараттық кеңістік құру;
- БӘжТД пәндік құзыреттерін қалыптастыру;
- бірлескен жобалар мен жұмыс бағдарламаларын іске асыру, БӘжТД бойынша жарыстар мен конференциялар ұйымдастыру.
Қызмет бағыттары:
- БӘжТД сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану, БӘжТД пәні бойынша студенттің электрондық оқыту кеңістігін ұйымдастыру;
- БӘжТД оқыту процесіне желілік және web-технологияларды пайдалануды енгізу;
- БӘжТД сабақтарында қашықтықтан оқытудың жаңа технологияларын қолдану;
- жас оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету;
- озық педагогикалық жұмыс тәжірибесін жалпылау және пайдалану;
- БӘжТД оқытушы-ұйымдастырушыларының жұмысын үйлестіру, жас БӘжТД оқытушы – ұйымдастырушыларына, оның ішінде ауылдық колледждерге әдістемелік көмек көрсету.