Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Төрайым: Кекубаева Шынар Кумаркановна,

    «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ

    директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты - инновациялық технологияларды қолдану, жоғары білікті мамандарды даярлау сапасын басқару мониторингі және педагог кадрлардың жеке-кәсіби өсуі негізінде оқу-өндірістік жұмысты ұйымдастыру. Сұранысқа ие кәсіби кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыруда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесімен алмасу арқылы кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Міндеттері:

  • оқу-өндірістік жұмысты жоспарлау, оқу-нормативтік және оқу-әдістемелік құжаттаманы жүргізу, өндірістік оқыту сабақтарын өткізу және түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысу бойынша колледждердің жұмыс тәжірибесімен алмасу;
  • қала мен облыстың ТжКБ оқу орындары арасындағы байланысты кеңейту және нығайту;
  • ТжКБ оқу орындарының оң имиджін қалыптастыру, олардың білім беру қызметтері нарығында бәсекеге қабілеттілігін күшейту, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға жәрдемдесу.

Бағыттары:

  •  колледжде оқу-өндірістік жұмыстың тиімділігін арттыру;
  • жұмыстың заманауи формалары мен әдістерін зерттеу және қолдану;
  • оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ету және орындау;
  • WorldSkills жұмысшы кәсіптерінің чемпионаттарына Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің қатысуының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу;
  • өндірістік оқыту және кәсіптік практика шеңберінде кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша әлеуметтік әріптестермен бірлескен қызмет.