Электроэнергетикалық бағыттағы оқытушылардың ОӘБ
Төрайым: Абдильдинова Гульдана Сиязбековна,
«Өскемен жоғары политехникалық колледжі»
КМҚК «Электротехника және энергетика» оқу-әдістемелік бірлестігі
директорының орынбасары, «Электр жабдықтары» (түрлері мен салалары бойынша)
мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы,»Электр энергетикасы»
мамандығы бойынша магистр.
Санаты: «педагог-сарапшы».
Жалпы педагогикалық өтілі-9 жыл.
Мақсаты-педагогтердің кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану және дамыту, тиісті оқу пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша олардың күш – жігерін біріктіру және үйлестіру және осы негізде-білім беру процесін жақсарту.
Міндеттері: Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым ұтымды әдістерін игеруді және пайдалануды қамтамасыз ету;
- педагогтердің жалпы дидактикалық және әдістемелік даярлық деңгейін үнемі арттыру;
- табысты педагогикалық қызмет тәжірибесімен алмасу;
- оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін анықтау және жүзеге асыру.