Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  Төрайым: Иматова Рахия Адабиенва, «Өскемен жоғары медициналық колледжі»

  ШЖҚ КМК директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары

  Диплом бойынша мамандығы: «Фармация»

  Жалпы жұмыс өтілі/лауазым бойынша жұмыс өтілі: 42 жыл / 7 жыл

  Медициналық бағыттағы ОӘБ техникалық және кәсіптік оқыту білім беру

  ұйымдарында медициналық бағыттағы оқу процесін ұйымдастыруды

  жүзеге асыратын педагогтерді біріктіреді.

 

 

Мақсаты-білім беру сапасын, инновациялардың тиімділігін ұжымдық ізденіспен және тексерумен, педагогикалық қызметтің үздік дәстүрлі және жаңа үлгілерін пысықтаумен және енгізумен, өзара кәсіби қарым-қатынаспен, тәжірибе алмасумен, білім беру қызметінің нәтижелерін бағалауға бірыңғай тәсілдерді, өлшемшарттарды, нормалар мен талаптарды әзірлеумен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- пән бойынша жеке әдістеме әзірлеу;

- өзекті тақырыптар бойынша оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі тәсілдерін, әдістерін, нысандарын, әдістемелерін, технологияларын талқылау.

Медициналық бағыттағы әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі нысандары:

  • отырыстар;
  • өзекті мәселелерді талқылау;
  • ғылыми-әдістемелік әдебиеттің жаңалықтарына шолу;
  • конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер дайындау, өткізу;
  • педагогтарды әдістемелік оқыту;
  • педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.

Медициналық бағыттағы ОӘБ:

  • білім беру процесінің нәтижелеріне талдау жүргізеді;
  • оқу курстары мен білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылымын өзгерту бойынша ұсыныстар береді;
  • қызметкерлерді аттестаттау бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • педагогтар мен білім алушылар үшін әдістемелік ұсынымдар дайындау бойынша шешім қабылдайды;
  • педагог үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлейді, оларды игеру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • білім алушылар үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;
  • педагогтар үшін әдістемелік семинарлардың жұмысын ұйымдастырады;
  •  зерттеу және эксперименттік жұмыстың мазмұнын ұйымдастыруға және әзірлеуге қатысады.