Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

   Төрайым: Мукашева Асель Оразкызы, «Халық әртістері ағайынды

   Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК-ның әдіскері

   Білімі: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік

   университеті 2001-2006 жж.

   Еңбек өтілі: 15 жыл

 

 

 

Әдістемелік бірлестік жұмысының мақсаты - мәдениет және өнер саласындағы ТжКБ жүйесі оқытушыларының әдістемелік, кәсіптік бағдар беру жұмысын сақтау, жетілдіру және дамыту.

Әдістемелік бірлестіктің негізгі міндеттері мен бағыттары:

- жұмыстың жаңа әдістемелік тәсілдері мен нысандарын дамыту және игеру, авторлық бағдарламаларды талдау;

облыс оқытушыларының біліктілігін арттыру;

- семинар сабақтарын, белгілі бір тақырып бойынша ашық сабақтар циклдерін ұйымдастыру;

- пәндік апталықтарды, әдістемелік жұмыс күндерін, педагогикалық конференциялар мен оқуларды, байқаулар, фестивальдар, олимпиадалар мен көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;

- дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту;

- оқушыларды кәсіптік бағдарлау және мамандыққа қызығушылығын тудыру үшін жағдай жасау.

Осы міндеттерді іске асыру үшін оқушыларды кәсіптік бағдарлау жұмысы, орта кәсіптік білім беру мекемелерімен және әдістемелік бөліммен жүйелі өзара жұмыс жасау жоспарланған.

 

Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі формалары:

- өзекті мәселелерді талқылау;

- конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер дайындау, өткізу;

- педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.