Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының ОӘБ
Төрайым: Джуманазарова Жанар Сагаладиновна,
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі директорының
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
Экономика ғылымдарының магистрі
Мақсаты: директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының серіктестігі негізінде тәрбие беру қызметін жетілдіру
Міндеттері:
- жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты, үйлесімді дамыған студенттер тұлғасын тиімді тәрбиелеу үшін колледждерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы кеңестік құру;
- тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша аймақтағы колледждерге әдістемелік көмек көрсету.
Жұмыс бағыттары:
- қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, «Мәңгілік ел» құндылықтар жүйесін дамыту;
- рухани-адамгершілік тәрбие;
- ұлттық тәрбие;
- отбасы тәрбиесі,
- еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
- көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
- зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
- дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
- жаңадан келген тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен әдістемелік жұмыс жүргізу;
- ауыл колледждеріне көмектесу.