Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  Төрайым: Кайкенова Айнура Муратовна, «Абай атындағы Шығыс

  Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

  оқытушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндік-циклдік комиссиясының төрайымы

  Білімі: 2005-2008 жж. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, мамандығы: «Қазақ тілі

  мен әдебиеті», біліктілігі: «Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы», 2019 ж. С. Аманжолов

  атындағы ШҚМУ, «Филология» білім магистрі

  Педагогикалық жұмыс өтілі: 15 жыл

 

 

Мақсаты-оқытушылардың педагогикалық шеберлік деңгейін, олардың қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы эрудициясы мен құзыреттілігін және оларды оқыту әдістемесін үздіксіз жетілдіру.

Міндеттері:

- жаңа технологияларды игеру және оларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында практикалық қолдану;

- семинарлар, біліктілікті арттыру курстары жүйесі арқылы оқытушының кәсіби даярлық деңгейін арттыру;

- жеке педагогикалық қабілеттерін ашу, оқытушының кәсіби-жеке өсуі (ашық сабақтар, мастер-кластар, кәсіби конкурстар);

- білім алушылардың шығармашылық әлеуетін, ой-өрісін кеңейту (конкурстарға, олимпиадаларға, тақырыптық экскурсияларға қатысу).

Бағыт-әдістемелік көмек көрсету және оқытушылардың жұмыс тәжірибесін беру арқылы тұлғаға бағытталған білім берудің нәтижелілігін арттыру.