Білікті маман
ШҚО білім басқармасы облыста мектеп түлектерінің алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарына кетуін азайту мақсатында «Білікті маман» жобасын әзірледі. Аталған жобаны іске асыру аясында 2017 жылдан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен аймақтың экономикасы үшін кадрлар қажеттілігін ескере отырып, жоғары білім алу ақысын төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары бөлінуде (2017 жылы - 200 грант, 2018 жылы - 446 грант, 2019 жылы - 400 грант және 2020 грант - 400). Қазіргі таңда аталған жоба шеңберінде 1446 студент жеті аймақтық ЖОО-да, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нур-Мубарк Египет ислам мәдениеті университетінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім алуда. Мектеп және колледж түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуін азайту бойынша қабылданған шаралар бүгінде оң нәтижесін беруде. Біріншіден, балалар үшін жоғары білімнің қол жетімділігі едәуір өсті (48% -дан 64% -ға дейін). Екіншіден, мектеп және колледж түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуі айтарлықтай төмендеді. Егер 2016 жылы өңірлік мектептердің 1800 түлегі шетелдік ЖОО - на оқуға кеткен болса, 2017 жылы - 890, 2018 жылы - 636, 2019 жылы - 535, сонымен қатар 2020 жылы - 394 түлек шетелдік жоғары оқу орындарына кетті.
2022 жыл
Жоба мақсаты: өңірдің мектептері мен колледждері түлектерінің алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарына кетуінің төмендеуі.
«Білікті маман» жобасын іске асыру шеңберінде 2017 жылдан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен өңір экономикасы үшін кадрларға қажеттілікті ескере отырып, жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру гранттары бөлінеді.
Нәтиже: жалпы 2017-2022 жылдар аралығында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2306 білім беру гранты бөлінді (2017 жылы – 200 білім беру гранты, 2018 жылы – 446 грант, 2019 жылы – 400 грант, 2020 жылы - 400 грант, 2021 жылы – 410 грант, 2022 жылы – 450 грант)
2022-2023 оқу жылына арналған кадрларға қажеттілікті ескере отырып, 450 білім беру гранты келесі салалар бойынша бөлінді: педагогика – 118 орын, экономика – 28 орын, техникалық бағыт – 222 орын, ауыл шаруашылығы – 25 орын, медицина – 57 орын.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім алып шыққан түлектер саны 2020-2022 жылдары 569 адамды құрады, жұмысқа орналастыру үлесі 76% (432 адам), жұмыспен қамтылғандар үлесі - 24% (137 адам) құрады.
Аталған жобаны іске асыру аясында аймақтағы мектеп түлектерінің алыс және жақын шетел университеттеріне кетуі айтарлықтай төмендеді. Егер 2016 жылы облыс мектептерінің 1800 түлегі оқуға кетсе, 2017 жылы - 890, 2018 жылы – 636, 2019 жылы – 535, 2020 жылы – 394, 2021 жылы – 356, 2022 жылы – 298.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2012 ЖЫЛҒЫ 28 АҚПАНДАҒЫ № 264 ҚАУЛЫСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 23 ҚАҢТАРДАҒЫ № 58 ҚАУЛЫСЫ
2023 жыл
Жоба мақсаты: Өңірдің мектептері мен колледждері түлектерінің алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарына кетуінің төмендеуі.
Аталған жоба шеңберінде өңірдің еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеті жыл ішінде 2576 білім беру гранттары бөлінсе, оның ішінде ағымдағы оқу жылында 270 грант келесі салаларға бағытталған: педагогика, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар, журналистика, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы, қызмет саласы.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген қағидада көрсетілген басты критерийлер негізінде талапкерлердің ҰБТ нәтижелеріндегі жоғары баллдан төменге дейін саралау бойынша конкурс арқылы жүзеге асырылады.
Осы жоба аясында оқуға түскен студент оқуын аяқтағаннан кейін облыста үшжақты шартта белгіленген мерзімді, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс атқаруы тиіс.
Үш жыл ішінде аталған жоба бойынша білім алып шыққан жоғарғы оқу орындары түлектерінің саны 610 адамды құрады, олардың жұмысқа орналасып, жұмыспен қамтылғандардың үлесі 100%, оның ішінде жұмыспен қамтылғандардың үлесі 72%.
Сонымен қатар, мектеп және колледж түлектерінің өңірден шетел жоғары оқу орындарына кетуі 1800 ден 278 -ке азайды.
2024 жыл
Жоба мақсаты: Өңірдің мектептері мен колледждері түлектерінің алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарына кетуінің төмендеуі.
Аталған жоба шеңберінде өңірдің еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеті жыл ішінде 2846 білім беру гранттары бөлінсе, оның ішінде ағымдағы оқу жылында 270 грант келесі салаларға бағытталған: педагогика, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар, журналистика, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы, қызмет саласы.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген қағидада көрсетілген басты критерийлер негізінде талапкерлердің ҰБТ нәтижелеріндегі жоғары баллдан төменге дейін саралау бойынша конкурс арқылы жүзеге асырылады.
Осы жоба аясында оқуға түскен студент оқуын аяқтағаннан кейін облыста үшжақты шартта белгіленген мерзімді, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс атқаруы тиіс.
Үш жыл ішінде аталған жоба бойынша білім алып шыққан жоғарғы оқу орындары түлектерінің саны 818 адамды құрады, олардың жұмысқа орналасып, жұмыспен қамтылғандардың үлесі 100%, оның ішінде жұмыспен қамтылғандардың үлесі 74%.
Сонымен қатар, мектеп және колледж түлектерінің өңірден шетел жоғары оқу орындарына кетуі 1800 ден 268 -ке азайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 бұйрығы
2017-2018 жылдарға ЖАО білім беру гранты иегерлерінің тізімі
2018-2019 жылдарға ЖАО білім беру гранты иегерлерінің тізімі
2019-2020 жылдарға ЖАО білім беру гранты иегерлерінің тізімі
2020-2021 жылдарға ЖАО білім беру гранты иегерлерінің тізімі
2021-2022 жылдарға ЖАО білім беру гранты иегерлерінің тізімі
2022-2023 жылдарға ЖАО білім беру гранты иегерлерінің тізімі
2024-2025 жылдарға ЖАО білім беру гранты иегерлерінің тізімі