Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Облыста 2025 жылғы 8 қаңтарда облыс әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаевтың төрағалығымен «Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында кеңес өтті.

Аталған кеңеске салалық басқармалар басшылары, өңірлік ірі кәсіпорындардың басшылары және облыс колледждерінің директорлары қатысты.

Президент Жолдауын іске асыру шеңберінде 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары өңірдің салалық басқармалары мен жетекші кәсіпорындарымен келісіліп облыс әкімімен бекітілген.

Бүгінгі таңда облыстағы  38 колледжде (23-мемлекеттік, 15-жекеменшік) 101 мамандық бойынша 19 966 студент білім алуда, оның ішінде 16 747 (83,8%) студент мемлекеттік тапсырыс есебінен тегін біліммен қамтылған. Жұмысшы біліктілігі бойынша білім алушылардың саны 4232 (22,6%)  студентті құрайды (2023 ж. – 3940 студент).

Жұмысшы манадықтар жылы жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілетін іс-шаралар:

  • 10-11 сынып оқушыларына бір уақытта мектеп пен колледжде білім алып, аттестат пен диплом алуға мүмкіндік беретін республикалық жобаны іске асыруды жалғастыру. Жобаға 4 колледж және 149 оқушы қатысады (2023 – 49, 2024 - 100);
  • колледж түлектеріне қысқартылған мерзімде жоғары білім алу мүмкіндігін беру мақсатында өңірлік жоғары оқу орындарымен жұмыс жүргізу;
  • әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықты нығайтуда білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, WorldSkills және AgroSkills өңірлік чемпионаттарына, сондай-ақ педагогтердің кәсіби конкурстарына сарапшылар ретінде кәсіпорындардың жетекші мамандарын тарту және т. б. жұмыстарды жалғастыру;
  • көлік және машина жасау бағыты бойынша кәсіпорындардың қаражаты есебінен Құзыреттілік орталықтарын ашу;

Бүгінгі таңда 5 колледж базасындағы Құзыреттілік орталықтарында студенттерді қолдау, тәжірибелік оқыту, оқытушылардың тағылымдамасы және WorldSkills өңірлік жұмысшы біліктілігі Чемпионаттары өткізіледі.

  • 1 құзыреттілік орталығына (Өскемен құрылыс колледжі) халықаралық аккредиттеуден өткізу;
  • шалғай орналасқан ауыл тұрғындарын жұмысшы біліктілігіне оқыту мақсатында «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі», «Электр жабдықтары» және «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша қысқа мерзімді даярлау жүргізетін мобильді оқу орталығының жұмысын жалғастыру (2023-12 адам, 2024-15 адам);
  • колледждері жоқ Тарбағатай және Күршім аудандарында «Мектеп-интернат-колледж» кешенін ашу;
  • «Құрылыстағы сметалық жұмыс», «Логистика», «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Жаңартылатын энергетика», «Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру», «Су көлігін пайдалану», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Сандық техника», «Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» және т. б. жаңа мамандықтарын ашу;
  • Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу және Алматы облыстары сияқты еліміздің жұмыс күші артық өңірлер студенттерін оқыту мақсатында «Серпін» жобасын жалғастыру. Кәсіптік бағдар беру кезінде аталған облыс колледждерінде оқытылмайтын жаңа ашылатын мамандықтарға баса назар аударылатын болады.

Білім басқармасы жыл сайын 10 мыңнан астам оқушыны қамтитын «My Pro» фестивалін, «Старт Профи-Shygys» көшпелі мобильді тобын, «Жолсілтеме» бағдарламасын, «Пайдалы демалыс» акциясын және жазғы лагерьде демалту сияқты кәсіптік бағдар беру іс-шараларын үнемі өткізуде.

Осы шаралардан басқа, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және оқушыларды ерте кәсіптік бағдарлау мақсатында JuniorSkills конкурсын өткізу жоспарлануда.

Облыста кәсіптік бағдар беру жұмысы «Мектеп-колледж-кәсіпорын» жүйесі бойынша құрылуда. Білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылдың осы моделін табысты іске асыру үшін төмендегідей іс-шаралар жоспарлануда:

  • кәсіпорындар базасында оқушылар үшін шеберлік сыныптары мен практикалық сабақтарын өткізу;
  • кәсіпорындарда Ашық есік күні мен экскурсиялар өткізу;
  • оқушылар арасында кәсіптік конкурстар өткізу арқылы кепілдендірілген жұмысқа орналасумен мақсатты мемлекеттік тапсырыс негізінде конкурссыз колледжге қабылдау сертификаттарын тапсыру;
  • оқушылардың қатысуымен кәсіпорынның табысты қызметкерлерімен мотивациялық кездесулер өткізу. Бұл жастарға жұмысшы мамандықтарын таңдауға қосымша ынталандыру болып табылады.

2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы кәсіпорындар мен колледждер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болмақ.

Президенттің тапсырмаларын және облыс әкімі бекіткен іс-шаралар жоспарын бірлесе нәтижелі іске асыру  еңбек адамының мәртебесін және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.