Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 жылғы 14-15 қазан аралығында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы  Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп бастапқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес колледждің оқу-өндірістік базасында (Катонқарағай ауданы, Свинчатка ауылы) «Оқу - дала жиындарын өткізуді ұйымдастыру» облыстық семинар-практикумын өткізді.

Мақсаты- бастапқы әскери және технологиялық дайындық бойынша оқу-дала жиындарын өткізу әдістемесін жетілдіру, оқу-дала жиындарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша теориялық және практикалық көмек көрсету.

Семинар-практикум барысында қатысушылар оқу-дала жиындарын өткізу әдістемесі, бөлім құрамындағы сарбаздардың ұрыстағы, қорғаныстағы, шабуылдағы әрекеттері, рота бойынша тәуліктік кезекші мен посттағы күзетшінің міндеттері мен іс-әрекеттері туралы пікірлерімен бөлісті. Семинарға ШҚО колледждерінің 25 бастапқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты.

Семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.