«Қоғамдық тамақтанудағы инновациялық технологиялар» облыстық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қызмет көрсету және сервис саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Бизнес және сервис колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 14 сәуірде «Қоғамдық тамақтанудағы инновациялық технологиялар» облыстық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысын шығарды. Мақсаты - облыс көлеміндегі орта білім мектептері мен колледждер арасындағы қарым-қатынасты, ынтымақтастықты нығайту әрі дамыту; білім алушылардың экономикалық, сараптамалық ойлау мен белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
Конференция қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
І орын – Шаймарданова Амина Саматовна (Индустрия-технология колледжі);
ІІ орын –Ляпунова Арина Ивановна («Квансон» Қазақстан-Корей колледжі);
ІІІ орын – Толеугазинова Таисия Архатовна (Қызмет көрсету саласы колледжі).