Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін «Ертіс концерт» концерт залында «WorldSkills Shygys 2024» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Үш күнге созылған чемпионат қатысушыларының жұмысын кәсіпорындардың жетекші мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері бағалады. Нәтижесінде 33 құзыреттілік бойынша 11 колледждің 33 студенті жеңімпаз атанды.

Аймақтық чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-ші орын Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің командасы (6 алтын, 5 күміс, 5 қола), 2-ші орын Өскемен жоғары политехникалық колледжінің командасы (7 алтын, 1 қола және 1 «Үздік маман» медальоны), 3-ші орын Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі (3 алтын, 2 күміс, 1 қола және 1 «Үздік маман» медальоны) мен Риддер колледжі (3 алтын, 2 күміс, 1 қола және 1 «Үздік маман» медальоны) командалары иеленді.

Өңірлік чемпионаттың жеңімпаздары ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan 2024 республикалық чемпионатына қатысу құқығына ие болды.

Өңірлік чемпионаттың барлық жеңімпаздарына республикалық чемпионатта сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңіс тілейміз!