Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында инженерлік сала бойынша кәсіби шеберлікке қатысты республикалық конкурсының қорытындысы
2021 жылғы 12-13 қазан аралығында онлайн форматта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында инженерлік сала бойынша кәсіби шеберлік республикалық конкурсының 1 кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты - арнайы пәндердің дарынды оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін анықтау, оларды қолдау және көтермелеу, кәсіби және педагогикалық шеберлікті арттыру, инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату. Конкурсқа қатысу үшін барлығы 17 өтінім келіп түсті. Конкурстың 1-модулінің тапсырмасына сәйкес қатысушылар ЕСКД стандарттары бойынша графикалық редакторда берілген модельдің сызбасын орындады. 2 модульдің конкурстық тапсырмасының форматы бойынша «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы», «Материалтану», «Стандарттау және метрология негіздері» пәндерінен Canvas онлайн білім беру платформасында нақты уақыт режимінде автоматтандырылған тестілеуден өту қарастырылған.
2021 жылғы 8-9 қараша аралығында оффлайн форматта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында инженерлік сала бойынша кәсіби шеберлік республикалық конкурсының 2-кезеңі өз мәресіне жетті.
Конкурс ШҚО білім басқармасы, ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен елдегі жетекші колледждерінің бірі - Семей қаласының Электротехникалық колледжі базасында өткізілді.
Конкурсты өткізу үшін ШҚО Білім басқармасымен ұйымдастыру комитеті құрылды.
Конкурстың 2-кезеңіне еліміздің әр өңіріндегі ТжКБ ұйымдарынан 12 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Атап айтқанда, Жоғары түсті металлургия колледжі (Павлодар қ.), Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі, Павлодар машина жасау колледжі, Жоғары техникалық колледжі (Көкшетау қ.), Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі, Ш. Есенов колледжі (Ақтау қ.), Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Семей қаласының Көлік колледжі, Электротехника колледжі және Шығыс Қазақстан технология колледжі.
Сондай-ақ, Конкурс қатысушылары үшін Электротехникалық колледжінің Worldskills халықаралық стандарттарына сәйкес заманауи техникамен және оқу құрал-жабдықтарымен жарақтандырылған Құзыреттілік орталығына экскурсия жасалды.
Конкурстың 2-кезеңі 3 модульден тұрды, олар: «Практикалық оқыту элементтерін көрсету»; «Мен-SMART инженермін» (электрондық схемаларды модельдеу бағдарламасында схеманы құрастыру тапсырмасы); «Өнеркәсіптік машиналар жабдықтарының ақауларын диагностикалау және жөндеу бойынша ситуациялық есепті шешу».
Қазылар алқасы Ұйымдастыру комитеті әзірлеген бағалау критерийлеріне сәйкес орындалған конкурстық тапсырмалардың қорытынды көрсеткіштерін айқындады. Қазылар алқасының құрамы Өскемен, Семей қалаларының жетекші кәсіпорындарының өкілдерінен тұрды. Атап айтқанда, «Семей Инжиниринг» АҚ, «Біріккен Энергосервистік Компания» АҚ, «ТеплоКоммунЭнерго» МКК.
Жиынтық хаттаманың шешімі бойынша инженерлік сала бойынша ТжКБ ұйымдарының педагогтері арасындағы кәсіби шеберлік республикалық конкурсының жеңімпазы (Бас жүлде) және жүлдегерлері (1, 2 және 3 орын) анықталды:
Бас жүлде – Водясов Е.В., Қостанай автомобиль көлігі колледжі;
1 орын - Нұрманов Н.Қ., Электротехникалық колледжі, Семей қ.;
2 орын - Кригер Е.В., Түсті металлургия Жоғары колледжі, Павлодар қ.;
3 орын - Байдильдин Н.К., Павлодар машина жасау колледжі.
Сондай-ақ, конкурс номинанттары анықталды:
- «Графикалық дизайндағы үздік сызба» - Савосин А.Н., Жоғары техникалық колледжі (Көкшетау қ.);
- «Технологиялық жабдықтарды қолданудың үздігі» - Жумурова Ж.Н., Ш. Есенов колледжі, Актау қ.;
- «Өнеркәсіп машиналары жабдықтарының үздік жөндеушісі» - Мендибаев М.А., Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі.
Конкурсқа қызығушылық танытып, қатысуға ниет білдірген барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кәсіби қызметтерінде толағай табыстар тілейміз!
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Грамоталары табысталатын болады.
Конкурстың қорытынды нәтижелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының және Кәсіптік білім беру орталығының сайттарында, сондай-ақ, әлеуметтік желі парақшаларында орналастырылады.