Педагогикалық қызметкерлердің облыстық Тамыз конференциясы аясында өткен ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындары директорларының оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлерінің секциялық отырысының қорытындысы
2021 жылғы 23 тамызда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы педагогикалық қызметкерлердің облыстық Тамыз конференциясы аясында онлайн режимде ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындары директорларының оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлеріне «Колледждердің академиялық дербестігі жағдайында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясы» тақырыбында секция отырысын өткізді.
Секция отырысының мақсаты - колледждердің академиялық дербестігі жағдайында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізудің негізгі мәселелерін қарау.
Секция жұмысына колледж директорларының оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі 200-ден астам орынбасарлары мен әдіскерлері қатысты.
Секция барысында 2021-2022 оқу жылында ТжКББ оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру; колледждердің академиялық дербестігі жағдайында кредиттік-модульдік оқыту технологиясын енгізу, т.б. мәселелер қаралды.
Секция отырысының аясында 2020-2021 оқу жылының қорытындысы нәтижесінде педагогтерді онлайн марапаттау рәсімі өтті.
Сондай-ақ, секция отырысының тиісті ұсынымдары қабылданды.