ШҚО ТжКББ жүйесінің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары
«Talap» КеАҚ ТжКББ педагогтерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыруда. ШҚО ТжКББ жүйесінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері 2021 жылғы 11-29 қазан аралығында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу жұмысының тиімділігі» білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуде.
Курс бағдарламасына аудиториялық сабақтармен қоса өңірдегі кәсіпорындар мен оқу орындарының базасында практикалық оқыту енгізілген. Сондай – ақ, сала / мамандық бойынша кәсіпорындар базасында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері үшін, колледж директорлары мен орынбасарлары үшін оқыту шеңберінде әріптес-колледждердің базасында практика ұйымдастырылды.
ШҚО колледждерінің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері қазіргі уақытта колледждердің әлеуметтік серіктестері болып табылатын «Недра» ЖШС, «Тұмар» кондитерлік цехы, «Семей спецнаб» ЖШС, «Азия завод ЖБИ» ЖШС, «Тоған» Интурсервис, «ТурМерСтрой company» ЖШС, «СемАз» АҚ, «СМУ-Шығыс» ЖШС және басқа да көптеген кәсіпорындар базасында практикадан өтуде.