«Менің кәсібім – еліміздің өркендеу кепілі!» атты стенд мобты өткізетін мобильді топ өз жұмысын бастап кетті
2017-2018 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде әртүрлі жастағы қабылдауда сапалы кадрлар даярлау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамтитын «Менің кәсібім – еліміздің өркендеу кепілі!» атты стенд моб жұмысын ұйымдастырып, өткізетін мобильді топ құрылған.
Бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 17 қазанынан бастап құрамында колледж өкілдері мен ТжКББ орталығының өкілі бар мобильді топ бірінші бағыт бойынша (Ақсуат-Зайсан-Күршім) өз жұмыстарын бастап кетті.
Өткізілетін іс-шараның мақсаты: облыстың еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарының маңызын айқындап, беделін арттыру; мектеп оқушылары мен білім алмаған жұмыспен қамтылмаған жастарға болашақ мамандықтар туралы кәсіби бағыт- бағдар беру.
Мобильді топ мүшелері тұрғындарға Шығыс Қазақстан облысында тегін техникалық-кәсіптік білім беру туралы ақпарат беру, жұмысшы мамандықтарының маңызын айқындатып, беделін арттыру, 8-11 сынып оқушыларын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сұранысқа ие болған жұмысшы мамандықтарымен таныстыру және кәсіби бағдар беру міндеттері жүктелген.
Өткізілетін акция аясында ШҚО қалалар мен аудандарда орналасқан барлық колледж өкілдері өз аймақтарында кәсіби бағдар беру бойынша ақпараттық көрмелер, мақсатты топқа сауалнамалар ұйымдастырып, өткізеді.
Аталған іс-шара аясында жұмысшы мамандықтары бойынша ой-өрістерін кеңейту мен кәсіби бағдар алу жұмысына қызығушылық танытатын тыңдаушылар санының ұлғаюы байқалған. Яғни, 2016 жылдың 18 қазанында Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында өткізілген шараға жоспарланған тыңдаушылар санынан көбірек адам келген.
Тарбағатай ауданында өткен іс-шараға 15 мектептен 317 адам қатысқан, бұл 8-11 сынып оқушылары және жоғары біліммен қамтылмаған жастардан 15 адам. Сондай-ақ, 2016 жылдың 18 қазанында Зайсан қаласында өткен стенд моб жұмысына 24 мектептен 362 адам қатысты, онымен қоса, Зайсан қаласы әкімдігінен, білім беру бөлімінен, жұмыспен қамтылмаған жастар есебінен және бұқаралық ақпарат құралдарынан 122 өкіл қатысты.