Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және мектеп оқушыларына болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру мақсатында  ағымдағы жылдың 2-4 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының 17 колледжі және 5 жоғары оқу орындарының қатысуымен 7-11 сыныптар арасында «My PRO» мамандықтар фестивалі ұйымдастырылып өткізілді.

Мамандық фестивалі  Ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚ өнер училищесінің «Ақ ертіс» фольклорлық ансамблімен ашылды.

Жыл сайын дәстүрге айналған бұл іс-шара болашақ мамандардың өз қабілетіне сай кәсіп түрін таңдауға маңызды қадам болып табылады.

Кәсіби алаңдарда әр мамандықтар жоғары деңгейде таныстырылды.

Сондай-ақ, аталған фестивальге мамандықтармен танысу және таңдау мақсатында шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылы мен «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін қажетті сыйлық тапсырылды.

Аталған іс-шараға Өскемен және Риддер қалалары мен Шемонаиха, Глубокое, Алтай, Ұлан аудандары бойынша 70 мектептен 2000 арта оқушы қамтылды.