«Модульдік – құзыреттілік тәсіл негізінде кәсіби кадрларды даярлау» облыстық семинары
Озат педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату мақсатында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қызмет көрсету және сервис саласы бағыты бойынша оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Бизнес және сервис колледжімен бірлесіп 2022 жылғы 3 наурызда «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін «Модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде кәсіби кадрларды даярлау» облыстық семинарын өткізді. Семинар барысында келесі арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің ашық сабақтары өткізілді: Даирова Г.М. («Тамақтандыру кәсіпорындарының сауда залын дайындауға қойылатын санитарлық талаптар»); Турсунбаева А. К. («Екінші ыстық тағамдарды беру ережелері»); Аканова П. Р. («Шарапты деканттау»); Рсалиева А. А. («Екінші тағамдарды беру, тәтті тағамдар мен десерттерді беру. Шай және кофе беру»); Какимова Д. Б. («Бизнес-жоба»); Разбекова Ж. Ж. («Бизнес-жобаның қаржылық жоспары»). Барлық ашық сабақтар жоғары кәсіби деңгейде өтті. Сондай-ақ, «Жас маман» жобасы аясында Worldskills халықаралық талаптарына сәйкес заманауи жабдықтармен жабдықталған Құзыреттілік орталығының шеберханаларына экскурсия ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 40-тан аса педагог қатысты. Семинар қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.