ШҚО ТжКБ жүйесінің оқу орындарына қашықтықтан оқыту технологияларын (ҚОТ) енгізу тәжірибесі туралы
ҚР БҒМ 2020 жылғы 14 наурыздағы № 108 «Білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда, пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирус жұқпасының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» бұйрығына сәйкес ШҚО ТжКБ барлық ұйымы 2020 жылғы 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту технологияларын (бұдан әрі – ҚОТ) қолдану арқылы оқуға көшті.
Осыған байланысты, ШҚО білім басқармасы мен ШҚО кәсіптік білім беру орталығы колледждердің инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне (ИПҚ) әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырды, білім беру үдерісінің барлық қатысушылары қашықтықтан оқыту технологиялары мен жүйесімен танысты, сондай-ақ, электрондық платформаларға (canvas, Moody, google Classroom, edus, paragraph bilim, dales, eduPage, euniver және т.б.) қол жеткізу ұсынылды. Облыстың білім беру басқармасы студенттер мен педагогтердің цифрландыру ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады, осы мақсатта колледждер тарапынан 200-ден астам компьютер мен ноутбуктар жауапты сақтауға берілді.
Платформалар оқу материалын мәтін, бейне, аудио, презентациялар түрінде беруге, тестілеу, сауалнама түрінде бақылауды пайдалануға; оқытушылар мен студенттердің кері байланысын чаттар мен конференциялар арқылы қолдауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жедел ақпарат алмасу үшін әрбір оқу орнында ИПҚ мен студенттер арасында WhatsApp-та топтар құрылды.
Қашықтықтан оқыту технологиялары жағдайында білім беру қызметтерін көрсету сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру платформаларымен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсынымдар мен бейнематериалдар әзірленетін жетекші колледждер анықталды. Бүгінгі күні Электротехникалық колледжі canvas платформасында жұмыс істеу бойынша 17 онлайн-семинар және қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша 7 онлайн-семинар өткізді, сондай-ақ, Геологиялық барлау колледжі google Classroom платформасына қатысты 2 онлайн-семинар; Радиотехника және байланыс колледжі moodle платформасы бойынша 7 онлайн-семинар ұйымдастырды.
Сонымен қатар, қашықтықтан оқытуды сапалы жүзеге асыру бойынша колледждердің ИПҚ әдістемелік көмегін уақтылы көрсету үшін әрбір колледжге облыстың Кәсіптік білім беру әдістемелік орталығының қызметкерлері қатарынан кураторлар бекітілді. Кураторларға қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану бойынша кеңес беру міндеті жүктелген, туындаған қиындықтарға жедел әрекет ету үшін электрондық білім беру платформаларына күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Колледждерде 18 облыстық әдістемелік бірлестік (ОӘБ) жұмыс істейді, олар білім беру процесіне қатысушыларды оқу-әдістемесімен қамтамасыз ету бойынша жұмысқа қосылды, электрондық білім банктері қалыптастырылып, бейнесабақтар әзірленуде.
Бүгінгі таңда ШҚО білім басқармасының басшылығымен 200-ге жуық бейнесабақ пен 200 оқу-әдістемелік кешені әзірленді. Барлық материалдар ОӘБ-нің мұқият сараптамасынан өтеді, содан кейін бейнесабақтар мен ОӘК каталогі қалыптасады, ол күн сайын «ТАЛАП» КЕАҚ сайтына жіберіледі. ҚОТ қолдану арқылы оқуға көшкеннен бастап 70-тен астам бейнематериалдар мен 80 оқу-әдістемелік кешендер жіберілді.
Барлық білім банктері өңірдегі колледждердің ютуб-арналарына сілтеме жасалған Кәсіптік білім беру орталығының ютуб-арнасында орналастырылады. Мысалы, Электротехникалық колледждің ютуб-арнасында педагогтер бейнесабақтарды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар, мамандықтар және т.б. бойынша дайын 50 бейнесабақтармен таныса алады.
Әрине, барлық қабылданған шаралар қашықтықтан оқыту технологиясы жағдайында оқытуды ұйымдастырудың сапасына айтарлықтай оң әсер етеді.