Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО ТжКОБ ұйымдарының қазақ тілінде оқытпайтын студенттері үшін қазақ тілін оқытудың үздік әдістерін анықтау және тарату, «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білімі, дағдылары мен таланты арқасында табысқа жеткен үздік педагогтерді танымал ету мақсатында «Қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесі» республикалық конкурсына қатысу үшін аймақтық деңгейде іріктеу жүргізіледі.

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы конкурстың аймақтық кезеңіне қатысу үшін өтінімдер мен құжаттарды 2021 жылғы 2-10 қараша аралығында қабылдайды.

Өңірлік конкурстың қорытындысы бойынша республикалық конкурсқа қатысатын жеңімпаз анықталып, бұқаралық ақпарат құралдарында және ШҚО білім басқармасының, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының әлеуметтік желі парақшаларында жарияланатын болады.

Педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды үнемі іздеуде жүрген шығармашылықпен жұмыс істейтін ұжымдарды ынталандыру қазақ тілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының кәсібилігін арттыруға және студенттердің жоғары нәтижелеріне алып келетініне сенімдіміз!