«Қазақстандағы Турин процесі – 2020» атты зерттеудің басым тақырыптарын, индикаторларын, құралдарын талқылау бойынша республикалық семинар
2020 жылғы 28 ақпанда Нұр-сұлтан қаласында ҚР БҒМ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ, «Kazenergy» ЗТБ, Нұр-сұлтан қ. білім беруді жаңғырту орталығы және Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарының колледждері өкілдерінің қатысуымен «Қазақстандағы Турин процесі» зерттеу шеңберінде зерттеудің басым тақырыптарын, индикаторларын, құралдарын талқылау бойынша республикалық семинар өтті.
Семинар жұмысына «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ директорының орынбасары Лазат Тоқтарбекқызы Кездікбаева қатысты. Семинар жұмысының мақсаты - 2020 жылға арналған «Қазақстандағы Турин процесі» зерттеуінің басым бағыттары мен құралдарын талқылау және түзету болып табылды.
Семинар жұмысын «Talap» КЕАҚ стратегиялық жоспарлау, талдау және IT-қамтамасыз ету департаментінің директоры Ахметова Айжан Төлеуқызы ашты. Іс- шараның модераторы ретінде А. Т. Ахметова семинарға қатысушыларды жұмыс жоспарымен таныстыра келе, 2020 жылы аймақтық деңгейде өткізілетін «Қазақстандағы Турин процесі» зерттеу ерекшелігін ашты.
Республикалық семинар жұмысы барысында қатысушылар ТжКБ жүйесінің мынадай өзекті мәселелерін қарастырып, талқылады:
- 2020 жылға арналған негізгі сандық индикаторлар мен зерттеудің статистикалық көздері;
- ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне модульдік-құзыреттілік тәсілді енгізу нәтижелерін талдау бойынша зерттеу құралдары;
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру нәтижелері бойынша зерттеу құралдары.
Республикалық семинар фокус-топтар форматында өтті, онда сауалнамалардың индикаторлары мен мазмұны егжей- тегжейлі қаралып, зерделенді.
Республикалық семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар 2020 жылға арналған «Турин процесі» зерттеу құралдары мен индикаторларына ұсыныстар мен түзетулер енгізді.