Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Облыста Құзырет орталықтары мен  жетекші колледждерінің базасында қызмет көрсету, білім беру, медицина, шығармашылық және дизайн, құрылыс индустриясы, көлік және логистика салалары бойынша «WorldSkills Shygys» кәсіби шеберліктің аймақтық чемпионаты жалғасуда. Бұл бағыттар бойынша ағаш ұстасынан сән технологиясына, шаштараздан электроникаға, кузовты жөндеуден наубайханаға дейін 20 түрлі құзыреттілік бойынша 22 жасқа дейінгі 95 үміткер жеңіске жету үшін қатысып жатыр.

Жыл сайын құзіреттіліктер санының артуы барлық мамандықтардың маңыздылығын, ал тапсырмалардың күрделене түсуі өңірде жоғары технологиялы өндірістердің қажеттілігін талап етеді.

Аймақтық чемпионатты ұйымдастыру және өткізу барысымен танысу мақсатында облысымызға «Talap» КЕАҚ «WorldSkills» қозғалысын дамытудың бас менеджері Еставлетова Атыргуль Алгатаевнаға келіп, Құзырет орталықтарының материалдық-техникалық базасымен, байқауға қатысушыларды бағалау форматымен танысып, сарапшылар қауымымен әңгімелесті.

Сондай-ақ, аталмыш чемпионат аясында ауыл шаруашылығы саласы бойынша колледж студенттері мен түлектері арасында «AgroSkills» және мүмкіндігі шектеулі оқушылар мен студенттер арасында 3 құзыреттілік бойынша «Abilympics»чемпионаты өтуде.

Биылғы жылы «Аграрлық сектор» бағыты ауылшаруашылық техникасын жөндеушілері мен ветеринариядан бөлек, «астық пен оны өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау» құзырттілігімен толықтырылды.

Барлық қатысушыларға табыс, сәттілік және өз күштеріне сенімділік тілейміз!