«Қашықтықтан оқыту: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында вебинар
ШҚО білім басқармасы Кәсіптік Білім Беру Орталығымен бірлесіп 2020 жылғы 18 мамырда аймақтық колледждерге әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету және қашықтықтан оқытуда білім беру технологияларын қолдануда оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау аясында «Қашықтықтан оқыту: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында онлайн вебинар ұйымдастырып өткізді. Вебинарда өз тәжірибесін еліміздегі алдыңғы қатарлы колледждерінің бірі Семей қаласының М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі ұсынды. Вебинар жұмысына ҚР БжҒМ, білім басқармаларының, Ақмола, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Павлодар, Петропавловск қалаларының ТжКБ әдістемелік орталықтарының өкілдері, Түркістан педагогикалық колледжі, Қызылорда жоғары медициналық колледжі, Қызылорда инженерлік-техникалық колледжі, М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледж, М. Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжі, Оңтүстік-Қазақстан гуманитарлық-техникалық колледжі, аймақтағы колледж директорлары қатысты. Вебинарға қатысушылардың мақсаттық аудиториясы 98 адамды құрады. Вебинар барысында қашықтықтан оқыту технологиясының бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері, Canvas платформасында жұмыс жасау барысы, қорытынды және ағымды аттестаттауды өткізу, педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру, курстық жұмыстарды онлайн режимінде қорғау мәселелері талқыланды. Вебинар қатысушыларына қашықтықтан оқыту бойынша қосымша ресурстар, бейнесабақтар мен оқу-әдістемелік кешендердің каталогтары ұсынылды. Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері аталып өтті. Вебинар соңында қашықтықтан оқыту бойынша өзекті сауалдарға жауаптар берілді. Вебинар нәтижесі бойынша қатысушылар оң пікірлерін айтып, ойларымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.