Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы мектептердің 8-11 сынып оқушыларына білім беру, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласы, медицина т.б. бағыттар бойынша ақпарат беру мақсатында Аягөз қаласында, Ұлан, Глубокое,Шемонаиха, Жарма, Үржар аудандарында ағымдағы жылдың 8 қарашасынан бастап «СтартПрофи - Shygys» стенд-моб жұмысын ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға 30 колледждің, 3 жоғары оқу орнының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысуда.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы карантин жағдайындағы санитарлық-гигиеналық талаптарға байланысты әр мектептен 50 баланы оффлайн форматта және онлайн форматта 350-ден астам баланы қамтыды. Жалпы аталған бағыт бойынша іс – шараға 163 мектептің 3224 оқушысы қатысты.

Іс-шараның нәтижесінде жастар бүгінгі таңда өңірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша толық ақпарат алып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау мүмкіндігіне ие болды.

Мобильді топтың үшінші бағыты бекітілген кестеге сәйкес Көкпекті-Тарбағатай-Зайсан-Күршім-Катон-Қарағай аудандары, Риддер - Алтай қалаларында жалғасын табады.