Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, ағымдағы жылдың 16 мамырында «WorldSkills Shygys» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінде өтті.

Аймақтық чемпионат балалар жылын мерекелеу аясында ШҚО білім басқармасы және облыстың кәсіпорындарымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 16-19 мамыр және 6-9 маусым аралығында Өскемен және Семей қалаларының «Жас Маман» жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтармен және техникамен жабдықталған құзыреттілік орталықтары мен облыстың жетекші колледждерінің базасында өтеді.

Аталған чемпионат облыстың 69 колледжінен, 1 университетінен және 2 кәсіпорнынан 300-ден астам жастардың қатысуымен 59 құзыреттілік бойынша келесі бағыттарда өткізіледі: «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»; «Өндірістік және инженерлік технологиялар»; «Қызмет көрсету саласы»; «Білім беру»; «Медицина»; «Шығармашылық және дизайн»; «Құрылыс индустриясы»; «Көлік және логистика».

Сондай-ақ, аталған чемпионат аясында «AgroSkills Shygys-2022» және «Abilympics Shygys– 2022» өткізіледі.

Чемпионат қатысушыларының конкурстық жұмыстарын облыс кәсіпорындарының жетекші мамандарынан құралған кәсіби қазылар алқасы бағалайды.. Атап айтсақ: «KAZ Minerals Aktogay» АҚ, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Крафт» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Skills Camp» жаттығу лагерлерінің желісі, «Номад» қонақ үйі, «Семей Көркем» ЖШС, «VOSKA» ЖШС, «Халық банкі» АҚ ақпараттық технологиялар басқармасы «Доррем қызметі» ЖШС және т.б.

«WorldSkills Shygys 2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!