Дөңгелек үстел басындағы кездесу
Қазақстандағы халықаралық ынтымақтастық туралы GIZ Герман қоғамының ҚР Білім және ғылым министрлігі арасындағы келісімге сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы дуальды оқытудың стратегиялық альянсы» жобасын жүзеге асыру аясында, 2016 жылдың 31 тамызында «Өскемен құрылыс колледжі» КММ базасында кәсіптік-техникалық оқыту бойынша тәуелсіз сарапшы Г. Блюменштайн және жобаның жүзеге асырылуына жауапты жетекші Н. Айдабулованың қатысуымен жобаға аралық мониторинг жүргізу бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.
Қатысушылары: ШҚО кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен әлеуметтік серіктестер-кәсіпорындар «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС, «Промтехмонтаж» ЖШС, «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ), сондай-ақ 2017-2018 оқу жылында «Мехатроник» жаңа біліктілігі енгізілетін үш ауылдық колледж өкілдері.
Дөңгелек үстел басындағы кездесуде «Өнеркәсіптік механик» біліктілігі бойынша дуальді оқыту формасын енгізудегі аралық есептер талқыланып, ұсыныстар мен мәселелер қарастырылды.