Педагог-психологтардың OӘБ
Төрайым: Грохотова Ирина Владимировна, «Өскемен жоғары медицина
колледжі»
ШЖҚ КМК, педагог-психолог
Білімі: жоғары
Педагогикалық еңбек өтілі: 10 жыл
Мақсаты - педагог-психологтардың кәсіби дамуы үшін жағдай жасау, тақырыптық семинарлар өткізу, психологиялық-педагогикалық маңызы бар кәсіби конкурстар мен жалпы қалалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, жаңа бастаған мамандарға әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
- облыстық деңгейде педагог – психологтардың қызметін жетілдіру;
- перспективалық бағыттар шеңберінде колледж психологтарына жүйелі ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету;
- проблемалық – тақырыптық отырыстарды, тәжірибеге бағдарланған оқыту семинарларын, конкурстарды, олимпиадаларды ұйымдастыру, ашық іс-шаралар өткізу, жұмыс тәжірибесін жинақтау;
- аттестаттаудан өту арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру;
- ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалану;
- бастаушы мамандарға әдістемелік көмек.
Қызмет бағыттары:
- психолог қызметінің мақсаты мен көрсеткіші ретінде білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету (жанжалдар мен зорлық-зомбылықтың алдын алу, студенттік ортадағы ауытқулардың алдын алу, толеранттылықты дамыту және терроризм мен экстремизмнің алдын алу)
- білім берудегі инновациялық процестерді психологиялық қамтамасыз ету;
- колледж педагогтері мен білім алушылардың ата-аналарының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.