Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Жобалау  технологиясы-оқушылардың  жоспарлау  және  күрделене  беретін  тапсырмаларды  орындау  арқылы  меңгеретін  білімі.

Жобалау  технологиясының  негізгі  мақсаты, түрлерлі.

Жобалау  технологиясын  қолданудағы  негізгі  мақсат-  оқушылардың  қызығушылық  ынтасын  дамыту, өз  бетімен  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  білімдерін  жетілдіру, ақпараттық  бағдарлау  біліктілігін  қалыптастыру  және  сыни   тұрғыдан  ойлау  қабілетін  арттыру  арқылы  оқушыны  болашақта  әр  түрлі  жағдаяттарда, әр түрлі  қоғамдық  ортада  өзін-өзі  көрсете  білуге  бейімдеу.

Бұл  технологиядағы  жобаның  түрлері:

1.    Ғылыми  жоба.

2.    Шығармашылық  жоба.

3.    Ойын  түріндегі  жоба.

4.    Ақпараттық  жоба.

 

Жоба  ұзақ  және қысқа  мерзімді  болып  екіге  бөлінеді.

Егер  оқушы  жобасы  тақырыбын  дұрыс  таңдай  отырып, жоспарлай  білсе, оны  дұрыс  орындай  алса-ол  болашаққа  дұрыс  бейімделген  тұлға  болып  қалыптасады.

Әр  түрлі  жағдаяттарда  дұрыс  шешім  қабылдай  отырып, әр түлі  адамдармен  тіл  табыса  отырып, әр  ортада  дұрыс  бағыт  бағдар  алады.

Сонымен, жобаның  тиімділігі- көзбен  көріп, құлақпен  естіп, есте  сақтай  отырып  оқушыны  ізденіске, іскерлік  пен танымдық  ынтаға, шығармашылық  қабілетті  жетілдіру  арқылы  түрлі  мәселелерді  шеше  білуге, тапқырлыққа  жаңа  ғылыми  ізденіске  жетелеуде.

Жобалау  технологиясының негізінде-оқушылардың  жұппен  немесе  топпен  бірігіп  дайындайтын  шығармашылық  жұмыстар  жатыр.

Оқушылардың  жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру  үшін  жоғарыда  айтылғандай, оны  жоспарлай  білу  қажет.