Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО ТжКОБ ұйымдарында 2022 жылғы 15 қарашада кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара ынтымақтастық жасау мақсатында «Жұмыс берушілер күні» өткізілді.  Іс-шараның мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс берушілермен өзара тиімді, нәтижелі  байланыс орнату.Кездесу барысында серіктес мекемелер, жұмыс берушілер  колледждердің  базасымен танысып,  даярланатын болашақ мамандардың сапасын арттыру, дуальді оқытудың ерекшелігі туралы хабардар болды. Іс-шара соңында  жұмыс берушілер Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Алғыс хаттарымен  марапатталды.