Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

    Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы 2024 жылғы 26 қыркүйекте техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің әдіскерлері, директорлардың оқу және оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлары үшін «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттырудың негізгі шарты ретінде тиімді әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» әдістемелік семинарын өткізді.
    Семинардың мақсаты: педагогтің жеке дамуы мен кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін әдістемелік жұмыстарға жағдай жасау және ұйымдастыру.
    «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ директорының орынбасары Л. Кездикбаева кіріспе сөзінде әдістемелік бөлімінің жұмысына талдау жасады.
    Семинар барысында «Talap» КЕАҚ бас менеджері М.Амиржанова қатысушыларды білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу мониторингінің қорытындылары туралы таныстыра отырып, енгізуге қатысты негізгі мәселелерге түсініктеме берді.
    Білім беру үдерісін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Э.Шауменова ҚР ОАМ 2024 жылғы 2 сәуірдегі «Педагогтерді аттестаттауды өткізу ережелері мен шарттары» №72 бұйрығына сәйкес аттестатталушылардың негізгі мәселелеріне тоқталып, әдістемелік ұсынымдар берді. Сондай-ақ  «Talap» КЕАҚ тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламалары бойынша талдаумен таныстырды. 
    «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ директорының орынбасары  К.Джантекеева, CIS платформасында кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және дайындау бойынша әдіскерлермен тәжірибелік жұмыс жүргізді.
    Семинар соңында спикерлер қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап беріп, алдағы жұмыстарына ұсыныстар мен кеңестер берді.